$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Дәрі-дәрмекті бақылау күшейтіледі

AstanaTV
08.04.2025ж. 17:11
395
Дәрі-дәрмекті бақылау күшейтіледі

Елордада "Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығы мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп ұйымдастырған денсаулық сақтау мен фармацевтика саласын дамытуға бағытталған дөңгелек үстел өтті. 

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовөз сөзінде мынаны айтты:«Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету — қоғам денсаулығын қорғаусаласындағы негізгі факторлардың бірі. Қазіргі тұрақсыздық жағдайында көп мемлекет, соның ішінде АҚШ пен Еуропа елдері де бар, дәрі-дәрмек қауіпсіздігінмемлекеттік саясаттың міндетті элементі деп қарастырып отыр».

«ҚазақстанныңШетелдік инвесторлар кеңесі»қауымдастығының директоры Жанна Байдашева денсаулық сақтау секторыөкілдерінің бәрінің күшін біріктірудіңмаңызын атап өтті:«Талқылауымыздың өзегі — жергілікті өндірісті дамыту, отандық компаниялармен тиімді әріптестік тетіктерін қалыптастыру және әділ де теңгерімді патенттік саясат. Біз дәрі-дәрмекті мемлекет есебінен сатып алғанда едәуір негізді шешім қабылдауға мүмкіндік беретін медициналық технологияларды сараптау (HTA) секілді құралдарға ерекше назар аударамыз. Біздің ортақ мақсатымыз — өмірлік маңызы бар әрі сапалы дәрі-дәрмек елдің кез келген өңіріне, қажет уақытында және әділ бағамен жетіп, оған тұрғындар қол жеткізе алғанын қамтамасыз ету. Мемлекет, бизнес пен сарапшылар арасындағы мұндайдиалог — Қазақстан фармацевтика секторын орнықты, инновация менинвестиция тұрғысынан тартымды етуге керек. Мұндай пікір алмасу елдің, азаматтардың және стратегиялық серіктестердің мүддесін көздейтін ұзақмерзімді шешімдер қабылдауға негіз болады деп сенеміз».


Польша дженерик өндірушілер қауымдастығының вице-президенті, фармацевтикадағы құқық саласы маманы Гжегож Рыхвальски ұлттық өндірістің стратегиялық маңызына тоқталды:«Жергілікті өндіріс — өмірлік маңызы бар және аса қажет дәрі-дәрмектерді тұрақты түрде қамтамасыз етіп отырудың маңызды тетігі. Оның артықшылықтары — логистика тізбектерін қысқартып, қор деңгейін бақылай аламыз, дәрі-дәрмек науқасқа жақын және баға түзілуі ашық болады».