$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Алматыда жасөспірім қыз 16 қабатты үйден құлап, қаза тапты

AstanaTV
08.04.2025ж. 18:13
124
Алматыда жасөспірім қыз 16 қабатты үйден құлап, қаза тапты

Қайғылы оқиға "АлтынБұлақ 2" тұрғын үй кешенінде болғаны әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.