Өскемен қаласында кенеден зардап шеккендер саны көбейіп кетті. Биыл облыста кенелер ерте шықты. Екі аптаның ішінде Өскеменнің өзінде кене шаққан 43 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Оның ішінде 41 адам кенеге қарсы иммуноглобулин алды. Бір науқас екпеден бас тартса, енді бірі көмекке кеш жүгінген. Әдетте кенелердің белсенділігі мамыр айында болатын. Бірақ биыл алғашқы жағдайлар наурыз айының соңында тіркеліп отыр", — делінген ақпаратта.
Өңірдегі медициналық мекемелерде иммуноглобулин қоры жеткілікті. Дәрігерлер кенелер тек кене энцефалитін ғана емес, кене сүзегі мен Лайма ауруы сияқты басқа да қауіпті инфекцияларды тарататынын ескертті.
Осы аптаның басынан бері Өскеменде аумақтарды кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды.