Алматы қаласы мен облыс төңірегінде құйынды дауыл кезінде 46 жастағы ер адам көз жұмды. Алматы-Бішкек бағытында кетіп бара жатқанда көлігіне ағаш құлаған. Одан бөлек, үш тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті. Кеше кешке мегаполисте аяқ асты нөсер құйып, екпінді жел соғып, айнала астаң-кестең болды.
АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:
Қазір күн шайдай ашық болып тұр, кеше ғана нөсер-жауын болғанға ұқсамайды. Кеше түсте де дәл осындай ауа райы тұрғындарды біраз алдаусыратып қойды. Кешке аяқ асты дауыл тұрып, көптеген ауданда жарық сөнді. Ағаштар құлап, бірнеше мейрамхана желісі әжептеуір шығынға ұшырады.
Раушан Наурызбаева дауыл басталғанда жұмыста болыпты. Оның айтуынша, аяқ асты жауған нөсер мен мейрамхана үстіне құлаған ағаш қонақтарды әбігерге салған.
РАУШАН НАУРЫЗБАЕВА, МЕЙРАМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Кассаны реттеп, жұмыс уақытысын аяқтап жатқан едім. Кенеттен сразу жаңбыр жауып, жел болып кетті да и сразу ағаш құлады. Біз шошып кеттік найзағай ма деп ойлап қалдық басында. Содан кйеін мынау бәрі шытынап, ішке қарай шашылды желмен.
Қалада аз уақыттың ішінде 28 ағаш құлаған. Одан бөлек, 3 тұрғын үйдің шатыры ұшып, бір құрылыс қоршауы зақымдалған. Таугүл ықшамауданының тұрғыны Динара Ермекбаева да ауа райының күрт бұзылуының кесірін көріп отыр. Көлігіе зақым келген.
ДИНАРА ЕРМЕКБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Міне, төбесі сырылып кеткен, енді мұны толық бояу керек. Алдыңғы әйнегі де шытынады. Шатыр ауыр салмақпен құлағандықтан, машинаның шеті де, фаралары да сынды. Полицияға арыз жазғанмын, екі күннен соң жауабы келеді.
Дауылда 376 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды. Су тасқынының алдын алып, жою үшін 42 жедел бригада жұмыс істеген.
АРХАТ ОМАРОВ, «АЛМАТЫ ТАЗАЛЫҚ» МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Таң атқаннан бастап қосымша адамдар қосылды. 700-ден аса көше тазалайтын жұмысшылар, 365-ке жуық техникаларымыз шықты.
МИРАСӘЛИ ІЛИЯСОВ, ЖАСЫЛ ҚОРДЫ БАСҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Алматы қаласында 84 мыңнан астам аварийный ағаштар бар. 40 мыңнан аса аварийный ағаштар Алматы қаласында алынды.
Дауыл салдарынан мүлкіне зақым келген тұрғындар алдымен Құзырлы органға хабарласып фактіні тіркеп, одан соң Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасына өтінім хат жазу керек.