$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Атырау облысында кене жайлап барады

08.04.2025ж. 20:00
73
Атырау облысында кене жайлап барады

Атырау облысын кене жайлап барады. Құрманғазы ауданында  қансорғыш жәндіктің кесірінен киік қырылып жатыр. Мамандар Азғыр, Асан, Сүйіндік ауылы аумағында   шашылып  жатқан 50-ге тарта ақбөкеннің өлексесін жинап алып, жойған. Сол өлекседен тараған  жәндік енді төрт түлікке ауыз салыпты. Ауылдағы ағайын жиған-терген малымыз арам қата ма деп уайымдап отыр. Шаруалар   өз бетінше емдеп, екпе салуда. Алайда кененің көптігінен  өз бетімізше   күресу мүмкін емес ,- дейді. Айтуларынша мұндай  мезгілінде  бұрын-соңды бұл  зиянкес кездеспеген.  Киіктердің көбеюінен пайда болғанын айтады. Қазір ауыл шаруашылығына жауапты мамандар  кене қаптаған ауылда жүр. Сараптама алынды.

БЕК ҚАПУАНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Малдың үстіндегі кенесін көрді.  Жылқының өліп жатқанын көрді. Киіктердің  өліп жатқанын көріп, сараптама алыпк етті.  Былтыр да да алысып едік, биыл да тағы сол  мәселелермен алысып келе жатырмыз, киікпен, киіктің кенесімен.


АСЛАНБЕК ШАРИПОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Ғылыми зерттеу институтының мамандары тобы шақыртылып киіктердің аса қауіпті ауруларына қарсы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін сараптама алынуда. Содан кейін, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.