$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Трампқа қарсы Қытай соғысқа дайындалуда

08.04.2025ж. 20:00
81
Трампқа қарсы Қытай соғысқа дайындалуда

"Ресей Украинаны ақылынан алжасқандай бомбылап жатыр". Қайта қаһарына мінген Дональд Трамп осылай деді. АҚШ Президенті бірақ, әлі де бейбіт келіссөздерден күдерін үзбейтінін мәлімдеді. Дәл осы кезде Трамптың өзіне қарсы соғыс дайындалып жатыр. Бірақ, сауда соғысы. 2017-і жылы басталған қос держава арасындағы осынау экономикалық қақтығыс одан да қатты қарқынмен басталуға жақын. Бүгін қос ел билігі бір-біріне сес көрсетті. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Қытай Трамппен соғысқа дайындалуда. Оқиға, әрине, сауда соғысы жайлы. Бірақ, соған қарамастан, елдің сауда министрлігі соңына дейін күресеміз, - деп ант-су ішті. Бұған себеп, әрине Трамптың тарифтері.  

ЛИНЬ ЦЗЯНЬ, ҚЫТАЙ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қытай бұған ешқашан жайдан-жай қарап отырмайды. Біз міндетті түрде жауап қайтарамыз. АҚШ бізді қорқытамыз деп ойлайды. Бірақ, біз өзіміздің тәуелсіздігімізді сақтау үшін барлығына барамыз және соңына дейін күресеміз. Қорқытып, үркіту арқылы Қытайды біреу бағындырамын деп ойласа, қателеседі. АҚШ дереу барлық орынсыз салықтарды жойсын деп талап етеміз.


"Ресей Украинаны ақылынан алжасқандай бомбылауда". АҚШ Президенті Дональд Трамп бүгін осылай деді. Израиль Премьер-министрі Биньямин Нитаньяхумен кездесуінде Ресей тақырыбы қозғалғанда ашуға мінді. Трамптың айтуынша, Ресей оның екі елді бітімге келтіру еңбегін бағалағандай болып, келіскендей сыңай танытады. Артынша, бәрібір Украинаға шабуыл жасайды. Сондықтан, Ресейге қатысты да салық салып, мұнай экспортын мүлдем қиындатып тастаймын, - деп тағы бір қорқытты.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазір болып жатқан жағдай мені қатты алаңдатады. Ресей ақылынан алжасқандай бомбылап жатыр. Не ойлағандары барын білмедім. Мен сөйлессем, болды, келістік деп жауап береді. Бірақ, қарқыны одан сайын күшейіп, одан да көп адам өледі. Бұл не сұмдық?


Трамп, бұнымен қоятын емес. Жауап ретінде Қытайға қарсы қосымша 50 пайыздық салық салды. Айта кетейік, 2024 жылы екі ел сауда айналымы  688 млрд доллар болса, сондағы АҚШ экспорты тек 163 млрд доллар. Трамптың Қытайға шүйлігуінің негізгі себебі осы.