Мәжілісте өтіп жатқан дөңгелек үстелде жылқы еті әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне енуі мүмкін екені айтылды.
Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев жылқы етін тұтынушылардың үлесі жылдан-жылға артып келе жатқанын айтып, неге ол әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесіне қосылмай келе жатқанын сұрады.
Бұл сұраққа Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова жауап берді.
— Ешқандай кедергі жоқ. Біз ол ұсынысты қарайық. Ондай мәселе осыған дейін көтерілген жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімі баяғыдан ел ішінде жоғары қолданысқа ие өнімдерден жасақталып, қалыптасқан. Біз оны кезең-кезең сайын қарап отырамыз. Ол тауарлардың бағасы қол жетерліктей болу керек, — деді Жанель Күшікова.
Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.