Қазақстан мен Израиль озық технологиялар бағытында серіктес болуы мүмкін. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекеті Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдауында айтты. Кездесуде су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі де талқыланды. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор. Ең бастысы Израиль сенімді сауда-экономикалық серіктес мемлекет деді. Ал, Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне ерекше алғысын білдірді.