$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Екібастұзда 3 ферроқорытпа зауыты салынады

AstanaTV
08.04.2025ж. 20:00
103
Екібастұзда 3 ферроқорытпа зауыты салынады

Екібастұзда 3 ферроқорытпа зауыты салынады.  Кәсіпорындар іске қосылса, Қазақстан ферроқорытпа өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығады. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Қасым -Жомарт Тоқаевтың қабылдауында айтты. Өткен жылы өңірлік жалпы өнім 5,8%-ға ұлғайған. Облыс экономикасына рекордтық көлемде 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды. 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 40 әлеуметтік нысан пайдалануға берілген.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қабылдау қорытындысы бойынша Президент әлеуметтік сала мен экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестицияларды тарту және инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде нақты міндеттемелер жүктеді. Бұл ретте мемлекет басшысы берген барлық тапсырмалар ерекше бақылауға алынды.