$521.67 €592.46 ₽6.32
×

«AMANAT»: ҚҚС бойынша тіркеу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуге болмайды

AstanaTV
08.04.2025ж. 20:00
288
«AMANAT»: ҚҚС бойынша тіркеу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуге болмайды

Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракциясы қосымша құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін 75 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендетуге қарсылық білдірді. Депутаттар Қосымша Құн салығы шегін кем дегенде 15 миллионға дейін екі есе арттыруды ұсынды. Сондай-ақ депутаттар денсаулық сақтау және қаржылық қызметтер үшін қосымша құн салығын енгізуді құптамайды. 19 «әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын», кітап басып шығару, археология және анимация кәсіпорындарын Қосымша Құн Салықтан босатуды ұсынды. «AMANAT» фракциясының кеңейтілген жиынында Мәжіліс Спикері, партия Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық саясатындағы өзгерістер кәсіпкерлерге жасалған жағдайды нашарлатпауға тиіс деп ескерткенін айрықша атап өтті.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Салық кодексі – ол әр азаматтың, әр отбасының өміріне тікелей әсер ететін өте маңызды құжат. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Салық саясатына арнайы тоқталды ғой. Бизнестің өркендеуі мен экономикалық орнықты дамуы, елдің әлеуеті мен халықтың әл-ауқаты да, мемлекеттің бәсекеге қабылетті болуы да осы Салық кодексімен тығыз байланысты. Сондықтан Салық заңнамасының сапалы, әділ, ашық және болжамды болуына біз қол жеткізуіміз керек. Бұл біздің Үкімет пен Парламенттің ортақ міндеті.