Биыл 85 млн жұмыс орны жойылады. Бір мекеменің өзінде, кемінде, 100 тұрғын еңбек етеді десек, тірлік таппай тентірейтіндердің санын есептей беріңіз. Оған жыр болған жасанды интеллект сеп болған. Онсыз да тиыннан теңге құрап, айлықтан айлыққа әзер жететін халық енді не істейді? Аружан Задабек "Өзекті" айдарында осы тақырыпты талдайды.
Қайырлы кеш, көрермен! Өзекті тақырыптарды бірге талқылаймыз. Алыстамаңыз!
ChatGPT өмірімізге дендеп кірді. Қазір бәрі оңай. Бұрыңғыдай қиналып, ойланып-толғанудың қажеті жоқ. Жасанды интелектіні меңгерсең, үйде шалқып жатып-ақ дегеніңді орындата аласың. Сауалың болса көз майыңды тамызып кітап ақтаратын кезең кеткен. Тіпті, интернетті кезіп әуре болмайсың. ChatGPT -мен амандасып, бір кіріп шықсаң болғаны. Барлығын алдыңа тосады.
Мәселен, режиссер Хаяо Миядзаки мына сахнаны бейнелеу үшін 3 жылын кетірген. Ал жасанды интеллект мұны бар болғаны 4 секундта дайындайды.
БЛИЦ:
- Оқушылардың көбі өз ойларымен шығарма не болмаса эссе жаза алмайды. Жасанды интелект деп қайтқан адамдарды сөйлестіп қою барлығы дұрыс дүние емес.
- Жасанды интеллектті дұрыс мақсатта пайлану қажет. Ол оқушыларға арналмаған. Оқушыларда кітап бар содан білім алу керек.
«Әкім болсаң халқыңа жақын бол». Осы сөзді қанша жиі айтсақ та, оның мәнін, мағынасын түсініп жатқан қызметкер кемде-кем. Олай айтып жатқанымыз бекер емес. Тұрғындар ауылдағы басшының есігіне жолай алмай, апталап, кейде айлап қабылдауын күтеді. Ал мына Талғар қаласында әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы біраз адамға үлгі болуы тиіс.Әлеуметтік желіде белсенді. Сұрақтарға былай жауап береді.
БЛИЦ:
- Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген осы. Бастамаңыз жақсы. Халық пен биліктің ортасында перде болмау керек.
- Көкем мықты! Осындай кісілер көп болсын басшылықта.
- Әкімдер үлгі алыңдар осы кісіден. Болмаса курс ашыңыз басқа әкімдерге, үйретіңіз!
Атырау қаласының орталық көшелерінің бірінде әйел адам жолдың дәл ортасына жатып алып, өтіп бара жатқан жүргізушілерге кедергі келтірген. Оқиға күндізгі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, көліктер тоқтап, қозғалыс біраз уақытқа қиындапты. Әйелдің бұл әрекетінің себебі әзірге белгісіз.
БЛИЦ:
- Бәріміз осындай болуға шақ жүрміз.
- Түсірмен көмек көрсеткенде... Мүмкін ауыратын адам шығар. Сонда осылай өтіп кете беретін болса адамдық қасиетіңіз қайда қалды?
- Басып кетсе, обалы жоқ!
Құрметті көрермен, бүгінге осы. Сау болыңыздар!