$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Павлодар облысында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш тақта ашылды

08.04.2025ж. 20:00
171
Павлодар облысында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш тақта ашылды

Павлодардың Ақтоғай ауданында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш тақта ашылды.  Негізі тарихи нысан осыдан 55 жыл бой көтерген. Алайда, одан бері күрделі жөндеу жасалмапты. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында  облыстық мәслихаттың депутаты Александра Терентьевтің бастамасымен  ескерткіш қайта жаңарды. Тақтада соғыста қаза тапқан азаматтардың есімі жазылған. Жаңарудан кейін бұрын ұмыт болып қалған боздақтар есімі енгізілді.  Бұл «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде жасалынып отыр.  Тақтаның қайта ашылуы аудан халқы үшін көптен күткен қуаныш болды. Осы орайда Павлодар облыстық мәслихаты еліміздегі барша депутаттарды ескерткіш тақталарды  жаңалауға, оларға күтім жасауға шақырады.  Алғашқы эстафетаны  Ақмола облысының депутатарына жолдады.  

ШАЙАХМЕТ САДУАҚАСОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

Ескерткіш деген өлген, қаза болған бабаларымызға қажет емес. Бұл біздің болашақ ұрпаққа керек. Себебі, соғыстың мағынасын оның нәтижесі туралы оған деген баға көзқарас қазір көп жағдайда өзгеріп қайта қопарылып жатыр неше түрлі сөздермен. Сондықтан осы орайда ойламыз осындай ескерткіштерге назар аударсақ.