Болар елдің балалары әскерге бесінші сыныптан дайындалады. Қазақстанда алғаш ашылған кадеттік сынып қазірдің өзінде өз жетістіктерімен дүйім жұртты таңқалдыруда. Бесінші сынып оқитын бұл балалардың барлығы өскенде арнайы жасақта қызмет етіп, ел тыныштығын күзетеміз дейді.
Балалар әскери самбо өнері, атыс тәсілдері мен ұрыс тактикасын меңгерген. Олар бұл сыныпқа өз еркімен барған.
ДАМИР КАЙРУЛИН, 5-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:Мен осы сыныпқа өте қатты барғым келді. Анам да келісті. Біз сабақта ұрыс тактикасын үйренеміз, әскери техникалардың және олардың тактикалық сипаттамаларын білеміз. Дәл осы сыныпқа келгеніме еш өкінбеймін.
Балалар бір жылда «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының үлкен сыныптағы топтарымен тайталаса алатын деңгейге жеткен. Сондықтан, осы бүлдіршіндер ел қорғанысы үшін өлшеусіз үлес қосатыны анық екеніне сенімді.
ҚАНАТ ЖҰМАҒҰЛОВ, АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:Мен осының алдында студенттерді, үлкен сынып оқушыларын дайындадым. Олар халықаралық сайыстарда, Айбында тұрақы түрде жеңіске жетіп келді. Солардың көрсеткішін осы балалар қазірдің өзінде қайталады. Көздерінде от байқалады.
Бұл бастаманы жүзеге асырған- Астана қалалық әкімдігінің жанындағы Өркен әскери-патриоттық орталығы.
ДАНИЯР ТЕМІРТАСОВ, «ӨРКЕН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:Осы балалардың жеткен жетістігін көріп, өзіміз де қуанып отырмыз. Бұлай жалғаса берсе, Қазақстан Қарулы Күштеріне кадр дайындайтын база боламыз. Жалпы, осы кадеттік сыныптағы ғана емес, кез-келген бүлдіршінге өз өмірін әскери оқу орындарымен байланыстырса, көмек көрсетуге дайынбыз.
Астана қалалық әкімдігі жанындағы Өркен орталығында кез-келген оқушы дәл осындай дайындықтан өте алады. Ол үшін өз оқу ордаларында ақпарат алған жөн.