$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Балуан тастар картаға түсіп, қорғауға алынады

AstanaTV
08.04.2025ж. 20:00
121
Балуан тастар картаға түсіп, қорғауға алынады

Көненің көзі боп, өткеннің ізі қалған балуан тастар іздеусіз қалып барады. Жоғалып, жойылып жатқаны қаншама. Алайда тарихты түгендеп жүргендер де жоқ емес. Әр қиырда қалған жәдігерлерді тауып, картаға түсіруді қолға алған. Бүгін жобаның тұсауы кесілді.

Тұсауы кесілген бұл бастама көнерген мұраны жаңғыртуға жол ашпақ. Анығын айтқанда кешегі Қажымұқандар көкке көтеріп, өнерін паш еткен тарихи тастар ескерткішке емес, мәнсіз затқа айнала бастады. Енді жәдігерлер картаға түсіп, ерекше қорғалады.

АРМАН СҮЛЕЙМЕН, ЭКСТРЕМАЛ АТЛЕТ:

Тарихи мұражай ретінде соны тазалап, сол жерде қарап отыратын болса туризмға да жақсы. Ішкі туризм ғой ол мысалы. Балуандық өнерді зерттеп жүрген ғалымдар көп. Олар міндетті түрде бізге келіп, оларды зерттеп, қарап, іздейді.


Балуан тастардың аңыз-оқиғасы зерттеліп, 11 данасының орналасқан жері тіркелді. Табылмай жатқандары да бар. Осы орайда "Қазақ күшінің картасы" атты жоба әзірленіп, балуандар туралы 3 томдық кітап жазылған.

АБЫЛАЙХАН ҚАЛНАЗАРОВ, ЖОБА АВТОРЫ:


Біз онсыз да ескерткішке, тағы басқа ұлыларымыздың көзіне кемшіндеу қалған халықпыз ғой. Яғни көшпенді халық болғаннан кейін оларды сақтай алмағанбыз материалдық тұрғыда. Мыналар аз да болса саз, яғни сол батыр бабаларымыздың қолы тиген, солардың атымен, есімімен байланысты тастар. Бұларды қорғамай болмайды.


Жұмыстың жандана түсуіне қаражат қолбайлау. Өйткені мемлекеттен қолдау жоқ. Соған қарамастан өз қаржымызға болса да өткеннің естелігін сақтап қалуға тырысамыз дейді автор.