Ресей азаматы анасын 59 жылдан кейін Астанадан тапты. Ол наурыз айында қазақстандық полиция пунктіне хабарласып, көмек сұраған. Қызы мен анасының өмірін өзгерткен әсерлі кездесуді учаскелік инспектор Бақытжан Сарманов ұйымдастырды. Қуанышты жағдайды естіген әйел, уақыт жоғалтпай, Қазақстанға ұшып келді. Полиция қызметкерінің кәсібилігіне тәнті болған ол зор алғысын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.