$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Астанада ерлік пен патриотизмді ұлықтаған ерекше сабақ өтті

AstanaTV
08.04.2025ж. 20:00
169
Астанада ерлік пен патриотизмді ұлықтаған ерекше сабақ өтті

Астанадағы №5 балалар кітапханасында «Ерліктің өшпес шежіресі» атты ерлік сабағы өтті. Кітапхана қабырғасында кітап туралы ғана емес, батырлық және отанға деген махаббат жайлы айтылды. Оқушылар Ұлы Отан соғысы кезіндегі тарихи деректермен танысып, қазақстандық батырлардың ерлік жолына үңілді. Іс-шара барысында арнайы дайындалған деректі фильм көрсетіліп, балаларға  сол кезеңнің ауыр тағдыры мен ерлігін көзбен көруге мүмкіндік берілді.Ал «Сұрақ-жауап» айдарында олар  белсенділік танытып, өз білімдерін сынады.

ГҮЛШАТ САТТЫБАЕВА, КІТАПХАНАШЫ:

Мақсаты -осы жас ұрпақтарға патриоттық сезімді қалыптастыру және де ұлы жеңіске зор үлес қосқан батырларымыз туралы ақпарат беру.


ДИЛЬЯР ЖАҢБЫРОВ, ОҚУШЫ:

Бүгінгі шарада мен Бауыржан Момышұлы туралы және жалпы қазақ халқын, елін қорғаушылары туралы үйрендім.