$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Еліміздегі дәрі-дәрмектің 80 пайызы шетелден әкелінеді

Еліміздегі дәрі-дәрмектің 80 пайызы шетелден әкелінеді

Еліміздегі дәрі-дәрмектің 80 пайызы шетелден әкелінеді. Бүгінде дәріханаларға препараттар жеткізу өзекті мәселе айналған. Яғни, Еуразиялық Одақ шеңберінде дәрі-дәрмекті тіркеу процедураларына байланысты қиындықтар туындауда. Биыл жыл соңына дейін 2000-ға жуық атау тіркеу кезегінде тұр. Жалпы медициналық препараттардың қауіпсіздігі тек денсаулық сақтау саласының емес, ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі мәселе. Сондықтан импорт дәрі елге келіп тіркеуден өткенімен, тұтынушыға жақпай қалса, қайта тексеруден өтеді.

БАУЫРЖАН ЖҮСІПОВ, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дәрі-дәрмекті сараптама жасайтын өзіміздің ұлттық орталығымыз бар. Кез келген дәрі-дәрмек біздің елімізге келген бетте ең бірінші тіркеу процесінен өтеді. Сол тіркеу процесінде ең бірінші экспертиза жасалғанда ең басты мәселе сол дәрі-дәрмектің пациентке деген қауіпсіздігі. Арнайы лабораториялық тексеруден өткеннен кейін, қауіпсіздігі дәлелденгеннен кейін барып дәрі-дәрмекке арнайы тіркеу куәлігі беріледі. Сол дәрі-дәрмекке Қазақстанда рұқсат етіледі.