$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Таразда тарихшылар тал егіп, «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

AstanaTV
08.04.2025ж. 20:00
304
Таразда тарихшылар тал егіп, «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

Таразда тарихшылар тал егіп, «Таза қазақстан» акциясына атсалысты. Ғалымдар қала орталығындағы Қарахан кесенесінің айналасына алма ағашын екті. 50 түп жеміс тал еккен тарихшылар мұнымен тоқтап қалмайыз деп отыр. Киелі мекен саналатын Әулиеата өңіріндегі 30-дан астам кесененің келбетіне көрік беріп, маңайын қоқыстан тазартып тағы да түрлі тал екпек. Осылайша туристердің Жамбыл жеріне көптеп келуіне жол ашуды көздеп отыр. Сонымен қатар тазалық жұмысына жиналған жүзге жуық тарихшы мен зиялы қауып өкілдері ежелгі Тараз ескерткіштерінің маңында қураған жасыл-желекті отап, жан-жағын жаңалап шықты.

НҰРЖАН МЕРГЕНБАЙ, «ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ЕСКЕРТКІШТЕРІ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 
Күн жылынғаннан бері адамдардың, туристердің келуіне қолайлы болу үшін, жан-жағымызды тазартып, соларға жайлы жағдай жасау мақсатында жасалып отырған қадам. «Таза қазақстан» акциясы аясында өткізуді біз қолға алдық. Осылайша тарихшыларда осы акцияға өз үлестерін қосып жатыр.