$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Астанада жатақханада болған ірі өртке байланысты 50 адам эвакуацияланды

AstanaTV
09.04.2025ж. 11:08
148
Астанада жатақханада болған ірі өртке байланысты 50 адам эвакуацияланды
Фото: ҚР ТЖМ

Сарыарқа ауданында Бұланты көшесіндегі мансард үлгідегі жатақхана ғимаратының алтыншы қабатын өрт шарпыды, 50 адам эвакуацияланды, оның ішінде жетеуі бала, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бүгін таңертең Сарыарқа ауданында Бұланты көшесіндегі алты қабатты мансард үлгідегі жатақхана ғимаратында өрт шықты. Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт 6-қабатта шығып жатқаны анықталған. 6-қабат толығымен өртке оранған. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды», - делінген хабарламада.

Өрт 1600 ш.м. алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі анықталуда.