Қазақстанда 106 адамның жекеменшік ұшағы, тағы 300 адамның өз яхтасы бар. Бүгін Мәжіліс кулуарында Azattyq Rýhy тілшісіне экслюзивті комментарий берген ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин осылай деп мәлім етті.
«Жалпы, нақты нені сән-салтанат, асқан байлық деп санауға болады? Ол – яхта, катер, кеме, ұшағы бар адамдар. Қазақстанда 106 адамның жекеменшік ұшағы бар. Одан бөлек тағы 300-ден астам адамның жеке яхтасы бар», - деді ол бізге берген сұхбатында.
Осы ретте, оның айтуынша, егер адамның бүкіл мүлкінің құнын қоса алғандағы сома 450 млн теңгеден асса, салық та көп болады. Бірінші вице-министр атап өткендей, байларға салынатын салықтан бюджетке шамамен 30-40 млрд теңге қосымша кіріс түседі.