$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Қазақстанда ипотека қымбаттауы мүмкін - вице-премьер

AstanaTV
09.04.2025ж. 17:57
123
Қазақстанда ипотека қымбаттауы мүмкін - вице-премьер
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер үшін корпоративтік табыс салығын арттыру жоспарланып отыр. Жаңа Салық кодексінің жобасында осындай норма бар. Бұл ипотекаға қалай әсер етеді? Сауалға премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, бұдан кейін екінші деңгейлі банктердің ипотекалық бағдарламасының құны өседі.

"Менің ойымша, иә (ипотека қымбаттайды - еск). Әрине, банк бұл пайыздарды ипотекаға аударады. Бірақ мұндай ипотеканы аласыз ба? Осы кезде мынадай пікір туындайды: қосымша бес пайызды өз құнына салу немесе тұтынушыға беру", - деді Жұманғарин Мәжілістегі брифингте.

Жұманғарин қазақстандықтарда "Отбасы банк" пен мемлекеттік ипотекалық ұйым түрінде жақсы балама бар деп есептейді.