Жақында туған күнін атап өткен Қарақат Әбілдинаға әріптесі, құрбысы Гүлнұр Оразымбетова ерекше сыйлық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Алматы қаласынан арнайы мал сойдырып келгенін көрсетті.
“Сенің туған күнің өтіп жатқанда біз үйде мал сойдық. Бүгін үйіңе етімді көтеріп келе жатырмын. Бір тайдың еті. Өз қолымызбен қақтап, өзің жақсы көретіндей тұздадық. Қыдекеңнің сыбағасы да бар. Сәкеңнің гүлін де алып келдім. Орденіне көрімдік те бердім”, – деді Гүлнұр Оразымбетова.
Туған күн иесі мұндай сыйлық күтпегенін жасыра алмай, ақжарма тілегін жаудырды.
“Гүлнұрдың орны қатты білінді. Гүлі секілді ниеті де сондай әппақ. Менің досым, құрбы болып сырласамыз. Үлкен жүрегінен айналдым. Жарқырап жүре бер! Жақысылық пен игіліктің ерте-кеші жоқ. Не жасаса да, шын жүректен жасайды”, – деп алғыс білдірді Қарақат.