$518.21 €590.09 ₽6.3
×

JAC автокөліктерін 10% бастапқы жарнамен сатып алу шарттары жарияланды

AstanaTV
09.04.2025ж. 19:09
171
JAC автокөліктерін 10% бастапқы жарнамен сатып алу шарттары жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

2025 жылғы 8 сәуірден бастап Қазақстанда JAC маркалы автокөліктерге арналған жаңа автонесиелеу бағдарламасы іске қосылады. Бұл қаржылық ұсынысты JAC Motors Qazaqstan мен ForteBank бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Бағдарлама шарттары:

Сатып алушыларға 7 жылға дейін несиелеудің екі нұсқасы ұсынылады:

10% бастапқы жарна салса, несиенің пайыз мөлшерлемесі 9%-дан басталады

30% бастапқы жарна салса, несиенің пайыз мөлшерлемесі 4%-дан басталады.

Осылайша, ең аз бастапқы төлеммен автокөлік сатып алуға болады. Мысалы, JAC J7 моделін 10 пайызбен алғанда бастапқы жарна ретінде 1 049 000 теңге төлейсіз.

Бағдарламаға қатысатын модельдер:

Несие бағдарламасы брендтің танымал үлгілеріне қолданылады:

JAC S3 Pro — үнемді әрі сенімді болып, ерекшелене білген ықшамды кроссовер.

JAC J7 және J7 Plus — былтыр марканың бестселлері атанған лифтбектердің бірі.

JAC JS5 және JAC JS6 — заманауи дизайнға және көп функцияға ие кроссоверлер.

"Қазақстанның Автокөлік Одағы" мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша JAC бренді қазақстандық автокөлік нарығының көшбасшыларының бестігіне енді. Бір жылда 11 мың автокөлігі сатылды. JAC бренді Қазақстанда 2015 жылдан бастап Allur қазақстандық автокөлік компаниясының бренд портфолиосында ұсынылған.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты JAC Motors Qazaqstan-ның ресми сайтынан және 757 нөмірі бойынша білуге болады. Ұсыныс мерзімі мен автокөлік саны шектеулі.