Расында Салық кодексі жәй сан емес. Есеп-қисабыңды келтіретін маңызды құжат. Үтір-нүктесіне дейін үңіліп жатқаны сондықтан. Шешімді шағын кәсіпкерлерге дейін асыға күтіп отыр. Алғашқы оқылымдағы жаңалықты естігендер қуанып қалды. Өңірдегі әріптестерім жалғастырады.
БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Үй маңындағы шағын дүкендер қосылған құн салығынан босатылуы мүмкін. Бұл шаштараздар және халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де қатысты. Азық-түлікті көрші-көлемге қарызға беріп, ұсақ-түйек саудасымен отбасын асырап отырған шағын кәсіпкерлер мұны естіп бір қуанып қалды.
Кәсіпкер Ләззат Досмағамбетова - шағын азық-түлік дүкенінің иесі. Күнделікті табыс 20 мың айлық есептік көрсеткіштен асып , яғни 217 мың теңгеден артық табыс тапқан кезде қосымша құн салығын төлеп келген. Енді тек 4 пайыз салықты төлесек, алаңсыз кәсібімізді жалғастырамыз,- деп отыр.
ЛӘЗЗАТ ДОСМАҒАМБЕТОВА, КӘСІПКЕР, ҮЙ МАҢЫНДАҒЫ ДҮКЕНДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
20 мың айлық есептік көрсеткіштен көбейген жағдайда біздер қосымша құн салығының төлеушісі болып шыға келер едік. Ал қазір сол шектеуді 2 млрдқа көбейтіп отыр. Арнайы налогтық режим упращенный декларация деп шығарып отыр. Бөлек режим шығарып отыр. Біздер тек 4 пайыз салығымызды төлейміз. Қосымша құн салығын төлемейтін боламыз. Бұл жағынан біздерге өте қолайлы.
Жаңа реформа бойынша қызметкерлер саны бойынша шектеу алынып тасталады. Мөлшерлеме - 4% болғанымен, оны жергілікті мәслихаттар 50%-ға дейін төмендетуі мүмкін. Атырау облысында бұған дейін 2 пайызға деңгейінде болған. Осы қалпында ұстаса, шағын кәсіпкерлер бойын тіктер еді,- дейді бизнес өкілдер. Өйткені үй жанындағы дүкенге күнделікті ұсақ-түйек алуға ғана кіреді.
ЛЕЙЛА ӘБІЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бірінші нан алам, сосын үйде не жетпейді, соны аласың ғой. Мен байқаймын бұл дүкенге де көп кірмейді, себебі халық үлкен дүкендерге барады.
БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Айта кетейік, Атырау қаласында үш мың жарымнан астам үй маңындағы шағын дүкен жұмыс істейді. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 15 пайыз үстеме ғана қоса алады.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Қосылған құн салығына қатысты өзгерістерді естіп, Қостанай кәсіпкерлері де қуанып жатыр. Мәселен кітап басып шығару қызметі салықтан босатылса орта һәм шағын бизнеске серпін береді деп отыр.
Жергілікті ақын - жазушылардың көбі кітабын осы баспасынан шығарады.Салық жеңілдігіне ие болсақ, құрал-жабдықты жаңалап, жұмыскерлер айлығын көтеруге мүмкіндік береді дейді, кәсіпкер.
ЖАСҰЛАН ҚАПЫШ, КӘСІПКЕР:
Үкімет бізге үлкен қолдау көрсетіп жатыр.Бұл үлкен көмек.Енді соның арқасында құрал-жабдық аламыз.Айлықты көтеруге де көмегі болады. Кәсібімізді ары қарай жалғастыруға көп көмек.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары,археология жұмыстардың салықтан босатылуы да саланы ілгерлетеді дейді көпшілік.
БЛИЦ:
- Әлеуметтік азық-түлік тауарлары НДС алынып тасталады деп жатыр. Бұл енді халыққа жақсы болады деп ойлаймын.Азық-түлік қымбаттамайды деп ойлаймын.
- Археология еліміздің рухани байлықтарының қайнар көзі.Осы саланы қосымша құн салығын төлеуден босату,қазба жұмыстарымен кедергісіз айналысуға жол ашқалы отыр.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Өңір жұртшылығы қосылған құн салығына енгізілетін өзгеріс кәсіпке оң серпін беріп,елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруына жол ашады деген сенімде.
АБЗАЛ ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
Қызылжарда тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасайтын кәсіпкерлер салықтағы өзгерістерді оң қабылдап отыр. Шағын кәсіп илері бизнес саласын әлсіретпей, керісінше дамуға мүмкіндік береді деп отыр.
Соның бірі барбершоп иесі Қасым Амангельдин. Жас кәсіпкер шаштараз саласына 14 жасында ден қойған. Бүгінде Петропавлда барбершоптың 3 бірдей салонын ашқан. Айтуынша, жаңа салық режимі қарашаның қалтасын қақпайды.
ҚАСЫМ АМАНГЕЛЬДИН, БАРБЕРШОП ИЕСІ:
Қарапайым халыққа өте қиын. Себебі айына 2-3 рет шаш алдыратындар бар. Олар тек жалақы ғана алып отырған кісілер. Өйткені баға қатты көтеріліп кетеді. Қазіргі істеп жатқандары өте дұрыс. Бізге ыңғайлы. 3 пайыз салық төлеп қана қоя саламыз.
Қосымша құн салығының шегін тым төмендетпей, орташа қалыпта бекіткенін “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы да қолдап отыр. Қатаң режим қаржы саласындағы маман тапшылығына әкеліп соғар еді, дейді.
ЛИНА ЕРМОЛАЕВА, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
Қосымша құн салығымен барлық бухгалтер жұмыс істей алмайды. Ол өте күрделі жүйе. Егер ҚҚС барлық режимдерге бірдей қолданылса, онда нарықта бухгалтерлердің тапшылығы пайда болар еді. Кәсіпкерлер қосымша қаржы жүгін арқалауға душар болар еді.
АБЗАЛ ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
Шағын кәсіпкерлікке бұл үлкен қолдау болатыны сөзсіз. Жеңілдік қарастырылған салалар да жетерлік.