Ақтөбеде жеті орындық көлік аударылып қалған. Жүргізуші ұйықтап кеткен көрінеді. Ішіндегі барлық жолаушы ауыр жарақаттанған. Сарыжар ауылының тұрғыны Аяна Утееваның жол-көлік апатынан басы миы шайқалыпты. Жамбасы және қабырғалары сынған. Ол үш күн жансақтау бөлімінде жатып, әрең аман қалғанын айтады. Көлікті балалар да болды дейді. Мұндай жағдай қайталанбас үшін ол такси қызметі қатаң бақылануын талап етуде.
АЯНА УТЕЕВА, САРЫЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Өкінішке қарай біздің такси жүргізушілердің барлығы жол көлік ережесін сақтамайды. Қалай болса солай көлік жүргізеді. Күн демей, түн демей ұйықтамай көлік жүргізеді. Қаншама адамның өмірін жауапкершілікке алып отырғанын түсінбейді. Жылдамдықты асырады, асығып қарсы бағытқа шығады. Олардың қызметі қатаң бақылануы керек.
Жол көлік апатынан кейін «сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр.Оның такси жүргізуге арнайы лицензиясы болмаған. Сарыжар ауылында 9 мыңға жуық тұрғын бар. Ауылдан қалаға таксимен жолаушылар тасымалдаумен екі такси қызметі айналысады. Онда 12 көлік тіркелген. Жыл басынан бері елу бір такси жүргізушісі тексеріліп, 28 өрескел құқықбұзушылық анықталды.
МЕЙРАМБЕК БАЗАРОВ, КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫ КӨЛІКТЕГІ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Ең көп бұзушылықтар жолаушылар тасымалы барысында жолаушылар тасымалына қатысты талаптарды орындамау, ережелер орындамау бойынша яғни 571 баптың 2 бөлігі бойынша көп бұзушылықтар анықталған болатын.