$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Жамбыл облысында ас үй бұйымдарына тапсырыс беріп, жер сипап қалғандар жыларман күйде жүр

AstanaTV
09.04.2025ж. 20:00
192
Жамбыл облысында ас үй бұйымдарына тапсырыс беріп, жер сипап қалғандар жыларман күйде жүр

Ыдыс-аяқ аламыз деп алдандық. Жамбыл облысында ас үй бұйымдарына тапсырыс беріп, жер сипап қалған жүзге жуық тұрғын жыларман күйде жүр. Ақшамызды алып, қалтасына салып алған адамдарды тәртіп сақшылары тергеп болған соң босатып жіберді дейді. Құзырлы органдардың бармақ басты, көз қысты әрекетіне ашуланған бұқара аудандық полиция бөліміне баса көктеп кірді. Шудың қатты болғаны соншалық бір тұрғын тіпті талып қалды.

Қатты уайымнан құлаған келіншек 3 млн  теңгесін жас отбасына сеніп тапсырған. Ол қаржының өзін туыстары мен құда-құдағи, көрші қолаңнан қарызға алыпты.  Алпыстан аса адам алдандық деп арыз түсірген. Бұл Байзақ аудан бойынша. Ал Тараз, Меркі, Қордай аудандарынан да жәбірленуші жетерлік. Ерлі зайыпты жас отбасы ортақ чат ашып, Қытайдан арзан ыдыс аяқ акелемін деп ақша жинап алған. Алғашында тауарды әкелген көрінеді. Кейінгілерін сан соқтырып кеткен. Кредитке кіріп, айналасын арзан-ыдыс аяқпен қарық қылам дегендер енді не істерлерін білмей дал. Көп адам арыз түсірсекте аудандық полиция бөлімі тырп етпей отыр дейді.

ЗАРИНА ТҰРАНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Пасуда сатып жастады олар, біз олардан қарап өзіміздің группамызға салдық артымды мың адам тұр менен алғандар получаеться. Мен олардан алдым. Мен сатып ақшаны полны жібердім ба? Енді бұлар маған не тауар не ақша жоқ дейді. 200 млндай ақша бар-ау. Алаяқтық тап таза алаяқтық. Көрініп тұр бірақ босатып жатыр бұларды.


РЫСКҮЛ МАМЕТОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Басында үш рет заказда ақша төйледім алдым басында. Сосын міне келе жатыр, міне келетыр деп мені алдап созып жүрді. Мен төрт млнға заказ бергендерді аламай отыр. Елдің бәрі маған уже заявление жазып жатыр. Талаптарымыз ақшаларымызды қайтарсын, қайтарсын ақшамызды.


Аймақ бойынша арызданушылардың көбейуіне байланысты келтірілген шығын әлі де өсіп жатыр екен. Өзге де өңірлерден алдандық деген адамдар шығып жатыр дейді. Ал көпті алдап кеткен күдіктілер бүгін қамауға алыныпты. Тәртіп сақшылардың сөзіне сенбей жиналған жұрт аудан басшысы мен прокурордың келуін талап етті. Талайларды тақырға отырғызғандар тиісті жазасын алсын, қолды қылған ақшамызды қайтарсын дейді.

СЕЙТЖАН ҮСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытты ірі мөлшерде алаяқтың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Күдікті адам қамаққа алынды. Қазір шағым жазып жатқандар, 60-тан астам арызданушы бар. Әлде де көбейуі мүмкін. Өткені чатпен ашылған нәрсе ары қарайда арыздар келіп жатыр.


Тергеу тобының басшысы тегеу аяқталғанға дейін толық ақпарат айталмаймыз деп қысқа қайырды. Бірақ барлық арызды тіркеп, тиісті шара қолданамыз деп отыр.