$523.2 €594.3 ₽6.38
×

2025 жылғы Астана халықаралық форумы демеушілер есебінен өткізіледі

AstanaTV
09.04.2025ж. 22:03
281
2025 жылғы Астана халықаралық форумы демеушілер есебінен өткізіледі
Фото: ашық дереккөз

Астана халықаралық форумы биыл тек демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысынан кейінгі брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

Оның айтуынша, бұған дейін форумды өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп келген, алайда биыл бұл қаулының күші жойылған.

Форумды ұйымдастыруға қатысты барлық шығындар демеушілік жарналар арқылы жабылады және оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді.