$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Қызметкерлерге көп жалақы аударған есепші сотталды

AstanaTV
09.04.2025ж. 23:13
205
Қызметкерлерге көп жалақы аударған есепші сотталды
Фото: Ұлытау облысының прокуратурасы

Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасымен жүргізілген тексеріс нәтижесінде Жәйрем кентінің "Балдырған" балабақшасының бухгалтерімен бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бухгалтер қызметкерлердің есепшоттарына белгіленген жалақы мөлшерінен жоғары қаражатты негізсіз аударған.

Негізсіз аударылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 15,9 млн теңгені құрады.

Қаражал қалалық сотының үкімімен бухгалтерге Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2)тармағы бойынша 10 жыл мерзімге ұйымдар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға байланысты бухгалтерлік және өзге де қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру түріндегі жазасы тағайындалды.