$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден құлап, мерт болды

AstanaTV
10.04.2025ж. 10:51
121
Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден құлап, мерт болды

Алматыда 26 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында көз жұмды, - деп жазды  KAZINFORM.

Ондағы мәлімет бойынша, қайғылы жағдай Бостандық ауданында орналасқан « Өркен» тұрғын үй кешенінде болған. 

Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады.

— Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету») бойынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. 26 жастағы жігіттің өлімінің себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.