$521.9 €593.5 ₽6.39
×

WhatsApp арқылы Сирияға жиһадқа шақырған Шымкент тұрғыны сотталды

WhatsApp арқылы Сирияға жиһадқа шақырған Шымкент тұрғыны сотталды

Шымкент тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзінің танысын «WhatsApp» мессенджері  арқылы Сирияға жиһадқа шақырған. Ол былтыр қыркүйекте таныс қызына халықаралық террористік ұйым «Мұсылман бауырлар» идеологиясын және «қарулы жиһад» идеясын насихаттайтын, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды жолдап, террористік топтарға қосылуға үгіт – насихат жасаған. Сот ер адамды қылмыстық кодекстің интернет ресурстарды пайдаланып терроризмді насихаттау және террористік әрекетке адамдарды тарту баптары бойынша кінәлі деп тауып,  8 жылға соттады.

ЖАНЕРКЕ АТЫКАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРА ӨКІЛІ:

Өткен жылы осындай қылмыс жасағаны үшін 10 азамат сотталған. Шымкент қаласының прокуратурасы бұл әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу қарастырылғанын ескертеді.