Бүгін әлеуметтік желіде "Астанада жасөспірімдерге шабуылдайтын маньяк жүр" деген ақпарат тарады. Бұл ел ішінде үрей туғызды. Хабарлама мектеп оқушыларына ватсап арқылы келген. Онда белгісіз адамның балаларға шабуыл жасауы мүмкін екені жазылып, тіпті, асылып тұрған балалардың видеолары таратылған. Тұрғындар ақпараттың шын-өтірігін айыра алмай дал.
БЛИЦ:
- Бүгін таңертең келді, бірақ шын ба өтірік пе белгісіз енді.
- Телефонға, ватсапқа таралуда, әлі де таралып жатыр.
- Өтірік тараған сияқты видео, біз ондай жерді вообще білмейміз.
Қалалық полиция департаменті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Тұрғындарды сабырға шақырып, тек ресми дереккөздерге сенуге үндеп отыр.
АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Қазіргі уақытта елорда аумағында мұндай жағдай тіркелген жоқ. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік толық бақылауда. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәлімет таратпауын сұраймыз.