Алматыда тәрбиеші 4 жастағы қызды жәбірлеген. Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіге жазды. Балабақша қызметкері бүлдіршінді киімсіз, терезесі ашық тұрған дәлізге отырғызып қойған. Полиция мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғады. Осы және өзге де желідегі өзекті тақырыптарды «Өзекті» айдарында Аружан Задабек айтады.
Қайырлы кеш, көрермен! Өзекті тақырыптарды бірге талқылаймыз. Экраннан алыс кетпеңіз!
Тойдағы қазақ – ел-жұртқа мазақ . Халықтың қазынасы – тойдың бүгінгі келбеті соңғы кездері ел талқысына жиі түсіп жүр. Қалыңдықтың бетін хит әндермен ашу, келіннің емес күйеу баланың сәлем салуы, қыздарын ақ кілемге орап ұзату, тізе берсек таусылмайды. Ал той қонақтарының ерсі билері тіпті жаға ұстатады.
БЛИЦ:
- Дұрыс айтасыз! Той ысырап, тойбастар да ысырап.Тойларды қысқарту керек.
- Үйлену тойынан басқаға миллиондап штраф салу керек. Әнші, тамадаларға 2 млн штарф!
- Қазіргі той дарақылық. Тойға реформа керек. Кейде асабалар да арзан күлкіге құмар, мәдениеттен жұрдай.
Той демекші, енді тойда да, үлкен сахнада да фонограммамен ән айтуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл тақырып Мәжілісте те қозғалған. Депутаттар ақша беріп жиынға барған соң жанды дауыста ән тыңдағың келеді дейді. Содан бері тақырып қоғамды қызу талқыға ие болды.
БЛИЦ:
- Өтірік әртістер көбейіп кетті.
- Өзбекстанда фонограмма деген жоқ. Заңмен қудаланады. Өте дұрыс айтасыз! Ақырына дейін жеткізіңіз! Әншілер есірді қазір.
- Қырылдап, сырылдағанның бәрі әнші. Депутат өте дұрыс айтты. Шара қолданса, жанды дауыста айтындар, іріктеледі өздері-ақ.
Әншілердің де бұған қатысты ойын білейік деп сазгер, әнші Қуаныш Бақытқа қоңырау шалдық. Ол бұл шешімді қолдайтынын жасырмады. Тек кейде техниканың мүмкіндігі бұған жол бермейтінін айтты.
ҚУАНЫШ БАҚЫТ, ӘНШІ, САЗГЕР:
Әр залдың аппаратурасы, техникасы жақсы болса неге жанды дауыста орындамасқа деймін да. Кейбір ауыл-аймақтарда аппаратура дұрыс болмайды, ескі секілді. Сол себепті ол жерде фонограммамен айтуға тура келеді.
Жоғарыда айтқан балабақша мәселесіне тоқталайық. Тәрбиешінің 4 жастағы қызды киімсіз, дәлізге отырғызып қойғаны желідегі біраз оқырманның ашуына тиді. Қазір бұл іске қатысты полиция із қозғаған.
Айтпақшы, министрлер палатасы жыр қылған Дженнифер Лопестің концертіне билеттерді сату ертеңнен басталады. Мегажұлдыздың Астанадағы концертіне бір адам төрт билеттен артық сатып ала алмайды. Ал, бағасы 40 мыңнан 150 мыңға дейін барады.
Құрметті көрермен, бүгінге осы! Сау болыңыздар!