$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Мемлекет басшысы Көлік министрін қабылдады

10.04.2025ж. 20:00
298
Мемлекет басшысы Көлік министрін қабылдады

Жол жүруге қолайлы жағдай жасап, туристік нысандарға қолжетімділікті арттыру қажет. Президент көлік министріне тапсырма берді.  Мемлекет басшысы көлік-логистика саласын өркендетудің және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Марат Қарабаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:

Биылғы ауқымды жұмыстар жоспарланған. Оған қоса бірнеше ірі жолдардың жұмысын бастаймыз. Авиация саласына тоқталатын болсақ, ең басты мәселе былтыр үш әуежай жеке инвестиция есебінен толығымен жаңғыртудан өтті. Ал, биыл тағы да төрт әуежайдың құрылысы жоспарланып отыр. Теміржол саласында 125 вокзалды толығымен биыл толығымен жөндеуден өткізу туралы баяндама жасадым.