«Ұлы жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі». Астанада осындай атаумен сурет көрмесі ашылды. Оған белгілі суретшілердің, мәдениет және өнер қайраткерлерінің жұмыстары қойылды. Әрбір өнер туындысы майдангерлердің қаһармандығы мен тыл еңбеккерлерінің жанкешті ерлігі жайында сыр шертеді. Ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру басты мақсатымыз – дейді. Айта кетейік, көрме тұрғындары мен қонақтарына 1 ай бойы ұсынылады.
БАЯН БҰЛҒАҚБАЕВА, ЖАЗУШЫ:
Әсіресе бір оқушылардың салған суреті ұнады. Солдаттың демалыс уақыты дейді. Онда солдаттың өзі жоқ. Бірақ, аяқ-киімі, бас киімі, сыртқа киетін футболкасы тұр. Одан ол бала не айтайын деді. Демалып жатыр, ол шаршады, соғысты. Бір кішкене болсада демалып алайын деген сондай кішкентай балалардың өзі қанджай әсер қалдырады. Мына суретшілердің бәрі біздің батырларымыздың бейнесін, біздің көзімізге елестетіп көрсетіп отыр.