$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Алматы облысындағы бес бірдей саяжай тұрғындарының балалары бір аптадан бері мектепке бара алмай отыр

AstanaTV
10.04.2025ж. 20:00
185
Алматы облысындағы бес бірдей саяжай тұрғындарының балалары бір аптадан бері мектепке бара алмай отыр

Алматы облысындағы бес бірдей саяжай тұрғындарының балалары бір аптадан бері мектепке бара алмай отыр. Себебі, жөні түзу жол жоқ. Оқушылар сабаққа бару үшін пойыз жүретін теміржолдан өтуге мәжбүр. Тіпті абайсызда отарбаның астына түсіп, опат бола жаздағандары да бар.  

АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Міне, 4 жылдан бері тұрғындардың мазасын қашырған жол осы.  Екі ортада қатынайтын жүк көліктері дәл осы жерде шалшыққа батып қалып, 1 сағаттап кептеледі екен. Сәйкесінше,  өзге машиналар мүлде өте алмайды. Сәл ғана жүріп өттім, бірақ соның өзінде аяқ киімімнің сыйқы осы.


Мұнда мен сияқты аяқ киімімен алысып жүргендер жетеді. Әсіресе, мектепке қатынайтын балаларға бәтеңке шақ келмейді. Оқушылар үсті-басы малмандай лай су болмас үшін теміржолдан төте басып өтеді екен. Көшенің кесапатынан, бұл маңға керек кезде жедел жәрдем де, өрт сөндіру қызметі де аттап баспайтын көрінеді.

САЯ ТҰРДИЕВА, «УЮТ» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өткен аптада көршімнің балаларын подростков қағып кетуге аз қалды пойыз. Сонда біз әкімді шақырамыз, әкім еш нәрсе шешпейді сіздер саябақсыңдар, біз еш нәрсе шешпейміз. 6 күн болды, мектеп бәрі біледі, что біздің балалар мектепке бармайды.  


Жергілікті биліктен қайыр болмаған соң тұрғындар балаларының аузынан жырып тұрып, өз қалталарынан ақша шығарып тасжол төсеткен. Тіпті зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар да қаражат қосқан. Дегенмен, әрі-бері шаңдатып жүретін жүк көліктері тегіс жолдың тас-талқанын шығарып, тоздырған.  

РАУШАН САЙМАСАЙОВА, «МЕЙІРІМ» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен өзім инвалидпін. Маған да развозка келу керек, машина развозка беріп тұр больница. Бірақ келе алмайды.    


Әкімнің айтуынша, бұл жол ешбір мекеменің меншігіне тіркелмеген, яғни баланста жоқ. «Жол салуға 300 миллион теңге көлемінде қаражатты жергілікті кәсіпкерлер инвестициялайтын болады»-дейді.

БІРЖАН МАХАТОВ, ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Компания жасағанмен, ертеңгі күні дорога общего пользования болады. Өйткені, ол жолмен барлықтары жүре алады. Екіншіден, біз қазір сұрап жатқанымыз именно жительдер көп тұратын жерлерге если камаздар үлкен жүк көліктері жүретін болса, ол кезде либо камерасын қойдыртамыз, либо лежачий полицейский искусственная неровность қойдырамыз.


Шыр-пыр болған жұрттың жағдайы бүгін де жетісіп қарық болмады. Жергілікті әкімдіктің көмегі тек уақытша құм төсеумен шектелді. Ал тегіс тасжол осы жылдың соңына дейін салынады деп сендірді.