«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Тазалық жұмыстарына 100-ге жуық адам атсалысты.Тұрақты түрде өткізілетін шара бұл жолы Нұрсәт шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жанындағы аллеяда ұйымдастырылды. Жиналғандар қоқыстарды тазартып, аумақты күтіп-баптады. Ондағы бей-берекет өскен шөптер орылып, ағаштар әктелді. Жыл басынан бері партияның араласуымен өткен акция барысында 11 тоннадан аса қоқыс шығарылған.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Таза Қазақстан» тек қана бұл біз қоқыстарды тазалаумен ғана емес, бұл азаматтардың рухани тазалығын да қалыптастыруға әрекет жасап жатырмыз. +Бұл жұмыс жалғасын табатын болады, әрі қарай да жұмыс жасайтын боламыз.
Ал Павлодарда студенттер саябақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілік шарасына 100-ге жуық білім алушы қатысты. Олар өздері оқитын оқу орнының ауласынан бастап қаладағы саябақтарға абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Шараға «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы мұрындық болды.
БӘКІЖАН КӘКІМ, «MARGULAN UNIVERSITY» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Таза Қазақстан» акциясы аясында бастауыш партия ұйымдары ғана емес, «Жастар рухы» да, жастар ұйымдары да қатысып жатады. Сондықтан бұл елді біріктіретін тамаша акциялардың бірі деп санаймын.