Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда жүктеген тапсырмасын іске асыру мақсатында кешенді жоспар бойынша жұмыс басталып кетті. «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Президент жүктеген тапсырмалар мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылатын шаралардың орындалу барысын талқылады. Биыл «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері және өзге де адамдар марапатталады. Мерейлі мереке барлық өңірде өз деңгейінде аталып өтіледі.
САУЫТБЕК ӘБДІРАХМАНОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Бүгінгі пленумда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына дайындықтың нақты шаралары қарастырылды. Облыстық ұйымдарға осы ұлы мерекені лайықты өткізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Бұл пленум нақты нәтижесін береді, ардагерлер ұйымының жұмысын жаңаша жандандырады деп біз сенеміз.