Comex биржасында (Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі) 2025 жылдың маусым айында жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы өзінің тарихи максимумын жаңартып, бір трой унциясы үшін $3 250 белгісінен жоғарылады. Бұл туралы сауда алаңының деректеріне сүйеніп отырып ТАСС агенттігі жазды.
Астана уақытымен 15:13-тегі жағдай бойынша бағалы металдың бағасы 0,44%-ға көтеріліп, бір троя унциясы үшін 3 251,9 долларға жетті. Сағат 15:28-де алтын бағасы бір унция үшін 3 248,8 долларға дейін (+0,35%) өсуін бәсеңдетті.
Бұл ретте Лондонның ICE биржасында 2025 жылдың маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,8%-ға өсіп, $63,91- ден асып жығылды. Осы жылдың мамыр айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,47%-ға өсіп, барреліне 60,67 доллар болды.
Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.