$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астанада «AMANAT» партиясының алаңында психологиялық көмек көрсетуді заңмен реттеу мәселесі талқыланды

11.04.2025ж. 20:00
172
Астанада «AMANAT» партиясының алаңында психологиялық көмек көрсетуді заңмен реттеу мәселесі талқыланды

Астанада «AMANAT» партиясының алаңында психологиялық көмек көрсетуді заңмен реттеу мәселесі талқыланды. Басқосуда еліміздегі психологиялық көмектің қазіргі жағдайы сараланып, оны заңнамалық және институционалдық деңгейде жетілдіру жолдары айтылды. Сондай-ақ   психология мамандығының кәсіби, этикалық және білім беру талаптарына қатысты мәселелер көтерілді. Оны шешуге бағытталған заң жобасы бірнеше маңызды аспектіні қамтиды. «AMANAT» партиясы ұсынған құжат әлі  жетілдіріледі.

ШОЛПАН КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Нақты психологиялық қызметтерді реттеу механизмі болмағандықтан, псхолог деген атауды көптеген адамдар алып жатыр. Оның негізгі базалық психологиялық жоғарғы  білімі жоқ немесе жұмыс тәжірбиесі жоқ. Не бір қысқа мерзімді курстардан өтіп алып елге көмек жасап жүрген псевдопсихологтардың көбейген заманы. Онымен қатар әлеуметтік желіде өзін психологпын деп атап, түрлі орталықтар ашып адамдарға қызмет көрсетіп жатқан жағдай бар.