$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Павлодарда Торайғыров университетінде « Кітап – рухани болмыстың негізі» атты шығармашыл қауым өкілдерімен кездесу өтті

11.04.2025ж. 20:00
172
Павлодарда Торайғыров университетінде « Кітап – рухани болмыстың негізі» атты шығармашыл қауым өкілдерімен кездесу өтті

Павлодарда Торайғыров университетінде « Кітап – рухани болмыстың негізі» атты шығармашыл қауым өкілдерімен кездесу өтті. Шараға ақын, жазушылар қатысты.  Олар студент жастарға кітап оқудың маңызын түсіндіріп, шығармашылық жолы жайлы баяндап берді. Аталмыш оқу орны мен Қазақстан Жазушылар одағының өкілдігі бірлесіп, әйгілі жазушылар Мұхтар Мағауин мен Дулат Исабековтің шығармаларына әдеби талқылау өткізді. Бұл жас ұрпақты кітап оқуға үйретіп қоймай, оқыған кітабына талдау жасау арқылы ғылыми тұрғыдан ойлауға баулиды.

САЛТАНАТ ӘУБӘКІРОВА, TORAIGHYROV UNIVERSITY ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Торайғыровты білмей,Мәшһүрді білмей, Сәбит Дөнентаевты білмей кітап туралы әңгіме айтудың өзі бос сөз. Сондықтан да қайда жүрсек те, гаджеттер арқылы ма, машина ішінде келе жатасыз ба, өзіңнің рухани ой өрісіңді кеңіту үшін кітапты оқу керек. Сондықтан бізге кітап әрине аманат бізге.