$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Елімізде ревматологиялық ауруларға шалдыққан жастар көбейген

AstanaTV
11.04.2025ж. 20:00
293
Елімізде ревматологиялық ауруларға шалдыққан жастар көбейген

Елімізде ревматологиялық ауруларға шалдыққан жастар көбейген. Бұл туралы Алматыда  өткен VIII Халықаралық ревматологтар конгресінде айтылды. Аурудың алдын алу мен емдеудің заманауи тәсілдерін  отандық және шетелдік сарапшылар талқылады. "Дерттің жастар арасында белең алуы  мезгілсіз өлім қаупінің жоғарылағанын көрсетеді" - деп дабыл қағады мамандар.  Ол иммундық жүйенің әлсіздігінен пайда болып, буын, бүйрек, ми, қан тамырлары мен терінің нашарлауына әкеп соқтырады.  

ҒАЛЫМЖАН ТОҒЫЗБАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАС РЕВМАТОЛОГЫ, ҚАЗАҚ РЕВМАТОЛОГИЯ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен қазір ревматологиялық орталық ашылуда. Республикалық  3-ші деңгей деп айтамыз ғылыми деңгейде.  Аумақтарда ревматология орталықтары ашылып жатыр.   15-тен аса дәрігер Алматының бюджеті есебінен Мәскеуде ревматология институтында  білімін арттырып келді.