$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді

AstanaTV
12.04.2025ж. 09:30
200
Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді

Алматыда төрт субұрқақ кешенінің қайта жаңартылуы басталды, олар Алматы әкімдігінің Шығыс және Батыс субұрқақтары, Республика алаңындағы субұрқақ және Ғ.Мүсрепов атындағы театр ғимараты алдындағы субұрқақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жобаның сараптамасы көрсеткендей, бұл нысандардың техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Гидрооқшаулаудың тозуы, ескірген насос қондырғылары мен сүзгілеу жүйелері кешенді жаңартуды қажет етеді.

Модернизация аясында техникалық ғимараттардың құрылымдарын күшейту, инженерлік коммуникацияны, су жабдықтауды, гидрооқшаулаушы қабатты толық ауыстыру, насос станцияларымен және су сүзу жүйелерін жаңарту, автоматтандырылған басқаруды енгізу, сондай-ақ, жақын аумақтарды көркейту жоспарланған.

Сонымен қатар, бүріккіштер, жарықтандыру құралдары, сорғы қондырғылары, бассейндер, жарықтандыру, құбырлар, гранит плиталары және басқа да маңызды элементтер ауыстырылады.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін субұрқақ кешендерінде электр тогының соғу қаупін болдырмайтын төмен вольтты шамдар мен құрғақ сорғы жабдықтары орнатылады. Суды тазарту белсенді оттегі генераторын қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл сұйық хлордан бас тартуға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, субұрқақтарды ауқымды қайта жаңарту алғаш рет жүргізіліп отыр. Бұрын тек кішігірім жөндеу жұмыстары ғана жасалған. Жобаның аясында тарихи келбетті сақтау ерекше назарда болады, бұл жаңартылған нысандардың сәулеттік құндылығын сақтап, қала ландшафтында үйлесімді түрде орналасуын қамтамасыз етеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары сәуірде басталып, 2025 жылдың қазан айында аяқталады. Қайта жаңартудан кейін субұрқақтар қала тұрғындары мен қонақтары үшін әсемдік пен демалыс аймақтарына айналады.