$514.94 €583.74 ₽6.13
×

Астанада 15-қабаттан құлаған сәби көз жұмды

AstanaTV
12.04.2025ж. 16:52
89
Астанада 15-қабаттан құлаған сәби көз жұмды
Фото: © istockphoto.com

Астанада қайғылы оқиға тіркелді – сәби 15-қабаттың терезесінен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 сәуір күні болған. Полиция мәліметінше, сәби ас үйде ересектердің қарауынсыз қалған. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Бұл – 2025 жылы елордада тіркелген 8-ші осындай оқиға. Оның үшеуі балалардың өлімімен аяқталған.

Бұған дейін, 27 наурызда, үш жасар бала екінші қабаттың балконынан құлап кеткені туралы ақпарат түскен. Алдын ала дерекке сүйенсек, анасы балаларын пәтерде жалғыз қалдырып, сыртқа шығып кеткен. Жедел жәрдем қызметі зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізген.

Полиция ата-аналарға үндеу жасады.

«Мұндай оқиғалардың басты себебі – ата-аналардың балаларға жеткілікті назар аудармауы және үй ішіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін тәртіп сақшылары ата-аналарға келесі ережелерді есте сақтауды ескертеді:

Балаларды тіпті аз уақытқа да қараусыз қалдырмаңыз;

Терезе маңында балалардың ойнауына жол бермеңіз;

Маскит торларына сенбеңіз – олар қорғаныс құралы емес;

Терезелерге арнайы блокираторлар орнатыңыз;

Балаларға ашық терезе мен балконның қауіптілігітуралы үнемі түсіндіріп отырыңыз.

Полиция ата-аналар мен қамқоршылардың баланың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабыбойынша әкімшілік жаза қарастырылған.