Әскери қызметкерлерді елорда әуежайынан Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бастаған қарулы күш құрамы салтанатты түрде қарсы алды.
— Бүгін Отан алдындағы борышын орындап елге оралған сарбаздарды қарсы алдық. Бітімгерлер адал да ерен еңбегімен жақын туысының ғана емес барша халықтың мақтанышы. Сіздерді бір жыл бұрын Бас қолбасшының командалық тапсырмасымен бітімгерлік миссияны орындауға жібердік. Қойылған міндетті мүлтіксіз орындап елге оралдыңыздар, әскери міндетті берік болған сіздерде алғыс айтамын, - деді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бітімгерлерді қарсы ала тұрып.
Еске салсақ, 2024 жылы наурызда Қазақстанның алғашқы ұлттық бітімгерлік контингенті (139 әскери қызметкер) БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарына жіберілді.
Әскери қызметшілер мобильді патрульдеу, бақылау бекеттерін күшейту, эвакуация және минасыздандыру жұмыстарын орындады.
Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы күштерінің бөлінуді бақылау миссиясының қолбасшылығы (СООННР — UNDOF) Голан биіктіктерінде ҚР Қарулы Күштерінің ұлттық бітімгершілік контингентін жеткізу және орналастыру қызметін жоғары бағалады.