$514.94 €583.74 ₽6.13
×

«Мен саған ғашықпын»: бейтаныс жігіт әнші Балжан Бидашқа ән арнап, өзіне баурап алды

AstanaTV
12.04.2025ж. 21:12
116
«Мен саған ғашықпын»: бейтаныс жігіт әнші Балжан Бидашқа ән арнап, өзіне баурап алды
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Балжан Бидаш желіде сезімін білдіріп, ән арнаған бейтаныс жігітпен көзге түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода бейтаныс ер адам Балжан Бидаштың қолынан ұстап, өзіне арнаған әнін шырқайды.

«Тоқта. Сен менің әлсіз тұсымсың, сен менің күшімсің. Мен саған ғашықпын, сондай ғашықпын», - делінген әннің қатарлары бар.

Балжан Бидаш әріптесінің әніне таң қалып, қуанып тұрғанын жасырған жоқ. Ал желі қолданушылары екеуін жұп етіп, бір-біріне әдемі жарасатындарын жарыса жазып жатыр.

«От болып тұрсыздар. Керемет жұп болар едіңіздер. Бақытты болыңыздар», «Екеуі жарасымды, бақытты болса екен», «Балжан, жаным, бақытты болшы», «Эх, Жаһан. Мынандай қыздан айырылып», «Маған солай көрінді ме? Әлде жігіт ғашық болып тұр ма?» - деп жазды желі қолданушылары.