Продюсер әрі өнер иесі Гүлзира Үсенқызы биыл туған күнін әдеттегідей дүркіретіп өткізбей, демалысқа арнауды жөн көрген. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биыл туған күнімді алғаш рет той жасамай, жақсылап демалып қайтайын деп шештім. Нұрекеңнің рұқсатымен келіп қалдық. Замандас сіңлі әрі құрбыларым және кіші құдағиыммен Вьетнамдағы вилламызда демалып жатырмыз. Керемет жер екен. Әрқайсысымызда бір-бірден жатын бөлме бар!»– деп жазды продюсер.
Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі продюсердің жазбасын сынға алып, оның жиі мақтанатынын атап өтті. Бұған жауап ретінде Гүлзира Үсенқызы өз ұстанымын ашық айтып, хейтерлерге жауап қайтарды.
«Сіз қызғаныштан ұйқысыз қалмаңыз. Демалғысы келетіндер пікірге қарап таңдауына көмек болады. Сен өз әлеміңмен өміріңді сүре бер!»,– деді ол.