$518.21 €590.09 ₽6.3
×

Ақмола облысында төрт жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

AstanaTV
13.04.2025ж. 13:30
167
Ақмола облысында төрт жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Ақмола облысының Атбасар қаласында Mercedes көлігі төрт адамды – екі ересек пен екі баланы қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жол-көлік оқиғасы 1-ықшамауданда болған. Зардап шеккендер сол ауданның тұрғындары екені анықталды. Жантүршігерлік сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі адамдарды қағып кеткен. Қазір бұл оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Төрт жаяу жүргіншінің барлығы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың түрлі дене жарақатын алғанын хабарлады.