$518.21 €590.09 ₽6.3
×

Абай облысында полиция қызметкері қаза тапты

AstanaTV
13.04.2025ж. 14:04
184
Абай облысында полиция қызметкері қаза тапты

Абай облысында полиция кіші сержанты Айдос Айдарханұлы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен Абай облысы ПД бастығы - полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан Instagram-дағы ведомство парақшасында бөлісті.

"Полиция кіші сержанты Айдос Айдарханұлы туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз".
Абай облысы полиция департаментінің бастығы - полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан