Қайғылы оқиға Бейнеу ауданында болған. Сағындық есімді 11-сынып оқушысы достарымен серуенге кетіп, белгісіз жағдайда қаза тапқан, - деп жазды KAZINFORM.
Марқұмның туыстары Сағындықтың кісі қолынан мерт болғанына сенімді. Себебі олар бозбаланың денесінен ұрып-соғу белгілеріне ұқсас дақтарды көріп, Ақтау қаласына сараптамаға әкелген. Ал марқұмның достары ауылда «старшактар» бар екенін мойындаған. Олардың айтуынша, сол күні «старшактар» бұларды қатарға тұрғызып, кезек-кезек ұрған. 17 жастағы Сағындық сол кезде жерге құлап түсіпті. Достары оны дәрігерге апарған. Медицина маманы оның қайтыс болғанын растаған.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға қатысы бар күдікті ұсталған.
- Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді. Оның соңы адам өліміне әкеп соқты деген дерекпен (ҚР ҚК 196-бабының 3-бөлігі) күдікті ұсталды, - делінген хабарламада.