$518.21 €590.09 ₽6.3
×

Мьянмада төрт қазақстандық еңбек құлдығына түскен

AstanaTV
13.04.2025ж. 22:37
189
Мьянмада төрт қазақстандық еңбек құлдығына түскен

Төрт Қазақстан азаматы Мьянмада еңбек құлдығына түсіп, алаяқтықпен айналысатын колл-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Dunyo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары шетелден жоғары жалақы ұсынылған жұмыс туралы хабарландыруларға сеніп, жұмысқа орналасу мақсатында сапарға шыққан. Алайда Таиландқа жеткен соң олар заңсыз жолмен Мьянмаға өткізіліп, қылмыстық топтардың қолына түскен.

«Жәбірленушілерді алаяқтықпен айналысатын колл-орталықтардажұмыс істеуге мәжбүрлеген. Бастартқан жағдайда қорқыту мен күш қолдану тәсілдері қолданылған», — делінген хабарламада.

Халықаралық келіссөздер мен Мьянма және Таиланд билігімен бірлескен үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары еңбек құлдығынан босатылып, Таиландтың Маесот шекаралық пунктіндеҚазақстан мен Өзбекстан дипломатиялық өкілдеріне тапсырылды. Қазіргі таңда жәбірленушілерге уақытша баспана мен тамақ ұсынылды. Кейін олар өз елдеріне оралды.